×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ақтөбе облысында жануарларға қатысты бес жол апаты болды

19.10.2021, 18:16
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында иесіз жайылып жүрген жылқы жол-көлік оқиғасына себеп болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның мәліметінше, 18 қазан күні сағат 21.00-де «Лада-21214» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Жайсаң ауылы жағынан Мәртөк кенті бағытында «Ақтөбе-Орынбор» автожолында атты қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 22 жастағы жолаушы Мәртөк ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын жануардың иесін анықтайды.

«Иесіз жайылып жүрген мал ең алдымен түнгі уақытта қауіп төндіреді. Кенеттен жолға шығып, жол-көлік оқиғаларын тудырып, сонымен бірге қылмыс объектісіне айналады. Облыс жолдарында жануарларға қатысты бес жол-көлік оқиғасы болды, онда жеті адам зардап шекті», - деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев.
 

Серіктес жаңалықтары