×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

ҚТЖ қызметкерлердің емделгені жайлы жалған есептер ұсынған: тергеу басталды

06.11.2023, 09:48
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан теміржолына қарасты «Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі» қызметкерлерінің сауықтыру үшін қаражат жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, ҚТЖ мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шартта жұмыс беруші мұқтаж жұмысшыларға жеңілдік шарттарымен санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар беруге немесе медициналық көрсеткіштер болған жағдайда 60 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндетті екендігі көрсетілген.

Осы құжатқа сәйкес теміржол саласының қызметкерлері әр 3 жыл сайын емдік санаторийлерге жолдама алады. Осыған қоса барлық қаржылық шығындарды ұлттық тасымалдаушы көтереді.

Алайда ҚТЖ есептері мен курорттық ұйымдардың ақпараттарын салыстыру ҚТЖ филиалының емделуді қажет ететін әрбір үшінші қызметкері санаторийде іс жүзінде келмегенін және тиісті процедураларды алмағанын көрсетті.

“Мысалы, азамат А. осы жылдың наурыз айында сауықтыру орталығында демалғаны туралы құжаттар ұсынған. Алайда медициналық мекеменің жауабынан көрсетілген адамның оларда болмағаны анықталды. Жалпы алғанда прокуратура Қарағанды облысының теміржол саласы қызметкерлерінің курорттық ұйымдардың қызметтерін алу туралы осыған ұқсас 100 жалған есептерін анықтады”, – делінген хабарламада.

Алаяқтық негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оны жүргізу көліктегі полицияға тапсырылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтаған.

Кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.

Серіктес жаңалықтары