×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

10 жыл бұрынғы деңгейде: Қазақстанда жалақы неге өспейді

06.11.2023, 16:01
10 жыл бұрынғы деңгейде: Қазақстанда жалақы неге өспейді
фото: ашық дереккөзден

10 жыл бұрын қазақстандықтардың табысы долларға шаққанда қазіргімен шамалас болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың III тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 350 мың 542 теңгені құрады. Орташа тоқсандық бағам бойынша АҚШ валютасымен бұл – $770.

"Шамамен 10 жыл бұрын, 2013 жылдың шілдесінде дәл осындай көрсеткіш болған ($739). Сәл бергі уақытқа оралсақ, онда қазіргі нәтижелер өткен тоқсанның көрсеткішінен де нашар – ол кезде 814 доллар болды", - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда жалақы азайған.

"Номиналды мәнде минус 4,1% және инфляцияны ескергенде минус 5,7%. Бірақ жылдық деңгейде алға жылжу бар: +16,9%. Рас, оны бағаның өсуі жейді, сондықтан нақты мәнде орташа жалақы бір жыл ішінде 3,5% өсті", - делінген басылымда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елімізде орташа жалақы өскенімен, бәрін инфляция “жеп қойды”.

Биыл ең жоғары орташа жалақы - 532,6 мың теңге Атырау облысында тіркелген. Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Бағаның өсуін ескергенде, ел бойынша 8 өңірдің көрсеткіштері кері кеткен, оның ішінде Астана да бар (-0,9%).

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Шенеуніктер келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге артуы нәтижесінде 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай табысы ұлғаятынына сендіріп отыр.