Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Газа секторындағы апаттық гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Қазақстан шет қалмай, Палестина халқына 1 млн доллар гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Қазақстан Үкіметі бөлген қаражат БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым Палестина 7-10 жыл бойы көрсетілген көмектерді ұйымдастырып келеді, – деді Айбек Смадияров.
Астанада өтіп жатқан ТМҰ 10-шы саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар гуманитарлық көмек бөлетінін хабарлаған еді.