×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ХАМАС берілмесе, Израиль ядролық қару қолдана ма – елші жауап берді

07.11.2023, 14:16
фото: ашық дереккөзден

Израиль СІМ Еуразия және Балқан мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Симона Гальперин елдің Газа секторында қақтығыс кезінде ядролық қару қолдану ықтималдығы жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанадағы баспасөз мәслихатында журналистер Израиль СІМ өкілінен ХАМАС-пен шайқас ушығып жатса, қақтығыс ядролық соғысқа ұласуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме беруін сұрады.

«Ешқашан олай болмайды. Ондай сөзді айтқан адам қазір мемлекетте отырған жоқ... Премьер-министр де, оның адамдары да... Бұл өте айқын, тура жауап деп ойлаймын. Израиль - халықаралық заң бойынша жұмыс істейтін ел», –  деді елші.

Айта кетейік, бұдан бұрын Симона Гальперин Астанада өткен брифинг барысында Қазақстан азаматтарының Газа секторынан шыға алмай отырған себебін түсіндірген.

6 қарашада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қақтығыс аймағында Қазақстанның 76 азаматы, отбасы мүшелерімен бірге санағанда 161 адам барын мәлімдеді.

Сондай-ақ, жуырда Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары