×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газадан қанша қазақстандық шыға алмай отырғаны белгілі болды

06.11.2023, 16:12
фото: ашық дереккөзден

Биыл 1 қарашада Мысыр арқылы шетелдік азаматтар мен қос азаматтығы бар палестиналықтарды Газадан эвакуациялау басталды. Алайда 4 қарашадан бастап Рафах пункті (Мысыр) арқылы шетелдіктер мен жаралыларды шығару тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

“Мысыр және Израиль талаптарына сәйкес әр елге Рафах пункті арқылы шетелдіктерге өтуіне белгілі бір күн беріледі. Мұнда ағымдағы өткізу қабілеті тәулігіне 500-ге жуық адам, сондай-ақ шамамен 45 елдің елшіліктері ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны ескеріледі. Бұл шамамен 7 мың адам. Бүгінде Газа секторында біздің деректеріміз бойынша Қазақстанның 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен бірге санағанда олардың саны – 161 адам”, – деді ол.

СІМ өкілі шетелдіктердің отбасы мүшелерінің шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі бір талаптар барын атап өтті. Мысалы, үштен бір бөлігі эвакуациялауға яғни жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Бұл - кәмелетке толған балалар, ерлі-зайыптылар, немерелер және балалардың жұбайлары. 

“Осыған байланысты кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кетуге мүмкіндігі болмағандықтан, Газа секторынан кетуге дайын емес. Біз Қазақстан азаматтарын эвакуациялауды мүмкіндігінше тезірек жасау үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз. Дегенмен, көп нәрсе бізге байланысты емес. Бұл әскери дипломатиялық дағдарыспен бүкіл әлем күресіп жатыр. Біз өз тарапымыздан толық дайынбыз. Азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуациялық борт Каирден ұшып шығуға дайын. Шетелде қазақстандықтардың құқығы мен мүддесін қорғау - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің міндеттерінің бірі. Алдын алу шараларын қабылдау үшін Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкініштісі сол, ондағы ахуал шиеленісіп барады”, – деді Смадияров.

Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлады.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстан 120 елмен бірге Таяу Шығыста тез арада атысты тоқтатуды талап ететін қарарды қолдады. Көпшілік дауыспен БҰҰ Бас ассамблеясы бір топ араб елдері ұсынған Израиль мен Хамас арасында Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап ететін қарарды мақұлдады. Бұл қарарға 120 ел дауыс берді, Израиль мен АҚШ-ты қосқанда 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел, оның ішінде Украина да қалыс қалды.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

16 қазандағы брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында Қазақстанның 67 азаматы, олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам табылғанын мәлім еткен.

26 қазанда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты

Серіктес жаңалықтары