×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Халықты 169 млн теңгеге алдаған: атышулы қаржы пирамидасының басшысы қамалды

07.11.2023, 14:34
фото: ашық дереккөзден

Астанадағы «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен. Салымшыларға ақшаны көптеген жобалар бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялау ұсынылған.

“Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды. 101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты іс сотқа жіберілген болатын. Өңірлерде жалпы тартылған салымшылардың саны – 425 адам. Олар компанияға 523 млн теңге салған. Оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға алданған 411 азамат жәбірленуші деп танылды.

Серіктес жаңалықтары