×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Күтпеген тексерулер болады: Қазақстанда бизнесті бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі

08.11.2023, 12:09
фото: ашық дереккөзден

Жедел ден қою шаралары мемлекеттің тыныс-тіршілігіне барынша әсер ететін салаларға қатысты болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжат кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беруге, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Министр не дейді

Заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнесмендерді тексеру күтіп тұрғанын атап өтті.

"Жедел ден қою шаралары прокуратурамен келісуді қажет етпейтін шешімдерді тезірек қабылдауды қажет салаларға бағытталады. Бұл – халықтың өмірі мен денсаулығына, экологияға және т.б. әсер ететін салаларды тексеру. Жалпы, тексерулер жеңілдетіледі. Бірақ біз бәрін жеңілдете алмаймыз, өмір сүруді қамтамасыз ететін салаларды бақылауда ұстауымыз керек", - деді Қуантыров.

Балалардың улануы

Журналистер Қуантыровқа Қарағанды мен Жамбыл облыстарында балалар жаппай уланғанын еске салып, бұл жағдайларда жоғарыда аталған шаралар қалай жұмыс істейтінін сұрады.

"Болып қойған оқиғаларға келсек,  тиісті органдар жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік органдардың тезірек әрекет етуге қосымша мүмкіндіктері болады. Тексерулер автоматтандырылған деректер жүйесі негізінде тағайындалады. Тәуекелдер көбірек көрсетілген жерге тексерумен баруға мүмкіндік болады", - деді министр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында балалар мен ересектер мектеп асханасындағы тамақтан уланды. Ауданның орталық аудандық ауруханасына мектеп асханасында түскі ас ішкен 48 адам келіп түскен. Оның 35-і ауруханаға жатқызылды. Екеуі ересек, қалғаны — балалар. Балалардың көбі –  7-10 жас аралығындағы оқушылар.

Серіктес жаңалықтары