×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны 3 жылға дейін ұзарту ұсынылды

08.11.2023, 14:11
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев отбасын асырап отырған жалғызбасты жандарға бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүгінгі депутаттық сауал толық емес отбасылар, жалғызбасты ана және жалғызбасты әкелердің әлеуметтік қорғалуы туралы. Толық емес отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың және жалғызбасты аналардың, жалғызбасты әкелердің әлеуметтік жағдайын қолдау, ол отбасыларындағы балалардың қалыптасып, дамуы туралы жүйелі шараларды жүзеге асыруға байланысты келесі ұсыныстарды енгіземіз", - деді Балабиев.

Депутат жұмыссыз жалғызбасты аналар немесе жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты төлемін күнкөріс минимуны теңестіруді ұсынды. Сондай-ақ бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзарту қажет деп есептейді.

"Жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін заңда бекітілген күнкөріс минимумына теңестіруді сұраймыз. Жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің балаларына мемлекеттік балабақшадан орын алу үшін кезекте басымдық беруді, мектептерде спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын қамтамасыз етуді, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасын қабылдап, грант негізінде білім алып, еңбекке араласуын қарастыратын бағдарлама қабылдауды сұраймыз", - деді ол.

Еске салайық, 2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа толғанға дейін ұзартылды (бұрын бір жасқа дейін төленген):

  •  бірінші балаға – 19 872 тг (5,76 АЕК);
  •  екінші балаға – 23 495 тг (6,81 АЕК);
  •  үшінші балаға – 27 083 тг (7,85 АЕК);
  •  төртінші және одан да көп балаға – 30 705 тг (8,9 АЕК).
Серіктес жаңалықтары