Алматыда 60 базарға тексеру жүргізіліп, 37 базар бастықтарының мемлекеттің жерін заңсыз жалға беріп келгені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, базар аумағындағы заңсыз құрылыстың жалпы аумағы 350 мың шаршы метрден асады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижелері базарлардың меншік иелері құрылыс жүргізуге тіпті жер учаскелеріне рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, жалпы сауда алаңын заңсыз ұлғайта отырып, сауда павильондарын тұрғызған. Базар әкімшілігі пайда табу үшін павильондарды жалға заңсыз берген әрі олардың заңсыз екенін жасырған», - делінген хабарламада.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған 60 базардың ішінен 37 базардың заңсыз екені анықталды, оларға әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Заңсыз павильондарды сала бергендіктен қаладағы базарлардың жалпы сауда алаңы да ұлғайған.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, заңсыз базарлардың тізімін жасады. Олардың 7-і бойынша ішінара бұзу туралы сот шешімі бар, олар мына базарлар:
Осылайша, жоғарыда аталған базарлардың меншік иелері заңсыз павильондар есебінен жалпы сауда алаңын орта есеппен үштен бірге ұлғайтқан. Қазіргі уақытта «Бак орда» және «Көтерме сауда» базарлары бойынша заңсыз салынған сауда объектілерін сүру басталды. Тағы 30 базар бойынша сот органдарына талап-арыздар берілмек.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматының элиталық аудандарындағы тұрғын үй кешендері күштеп бұзылатыны хабарланған.