×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматының элиталы аудандарындағы тұрғын үй кешендері сүрілетін болды

08.11.2023, 13:02
gov.kz

Алматы қаласының таулы аймағында заңсыз салынған 20 құрылыс нысаны сүрілетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік мәліметінше, қалада заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысан анықталды.

Олардың ішінде 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді.

Сүрілетін құрылыс нысандарының тізімі:

  • «Pain Hill» клуб үйі,Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.;
  •  «Швейцария» ТҮК, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.;
  • Тұрғын үй құрылысы,Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.;
  • Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1;
  • Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554;
  • «Domino Life» клуб үйі, Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308;
  • «Pine Hill Residence» клуб үйі, Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.;
  • Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4;
  • Тау бөктерін кесу, Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.;
  • Тірек қабырғаның құрылысы, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207;
  • «Граф» ТҮК, Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.;
  • «Люксембург» ТҮК, Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.;
  • КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.;
  • Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46;
  • «Rich» клуб үйі, Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.;
  • Бақша үйлері, Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556;
  • Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5;
  • Тірек қабырға, Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А;
  • «Француз үйі» ТҮК, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.;
  • «KHAN» клуб үйі, Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.;

Айта кетейік, биыл Алматыда құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексерулер барысында жалпы сомасы 187 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынған 956 бұзушылық анықталған.

Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені үшін 312-бап бойынша 35,7 млн. теңге сомасына 47 мердігер ұйым жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бюджеттік объектілер бойынша 9 млн. теңге сомасына 14 мердігер ұйым, коммерциялық объектілер бойынша 27,6 млн. теңге сомасына 33 мердігер ұйым жазаланды.

Серіктес жаңалықтары