×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Оппозиционер Марат Жыланбаев 7 күн бойы нәр татпаған

09.11.2023, 17:47
Коллаж: Ulysmedia.kz

Марат Жыланбаев өзінің ісі бойынша сот процесін ашық өткізу туралы талабы қанағаттандырылғанша нәр татпауға бекінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оппозиционердің адвокаты Мейіржан Досқараев Жыланбаевтың аштық жариялауы туралы айтты.

"Ол сот тергеуі жабық режимге ауыстырылғанына байланысты аштық жариялады. Шынымды айтсам, мен бәрін егжей-тегжейлі айта алмаймын, бірақ Марат Жыланбаев 3 қарашадан бері нәр татпай отыр. Сот ашық болғанша, ол аштықты тоқтатпайды", - деді адвокат.

Айта кетейік, тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың соты 30 қазанда басталды. 2 қарашада ҚАЖД Жыланбаевтың өз аузын жіппен тігіп тастағанын мәлім еткен.

Билікті қатаң сынап, бейбіт акцияларға шыққан спортшы әрі белсенді Марат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" және "экстремистік ұйымды қаржыландыру" бабы бойынша күдікке ілініп, мамыр айында қамалған еді. Белсенді өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Құқық қорғаушылар қауымдастығы оны “саяси тұтқын” деп таныды.

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы. Ол - әлемдегі ең үлкен шөлдерді жалғыз жүгіріп өткен жалғыз адам. 

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" бір жылға жуық уақыт бойы биліктен ресми тіркеу рәсімін бастауға рұқсат алуға тырысып келеді.

2023 жылдың ақпанында Жыланбаев депутаттыққа ұсынылды, бірақ кейінірек сот оған "мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін" айыппұл салды

 

Серіктес жаңалықтары