×
$
444.4
€
488.97
₽
5.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.4
€
488.97
₽
5.39

Доллар 444 теңгеден төмен түсті

Бүгін, 18:43
Доллар 444 теңгеден төмен түсті
Ulysmedia коллажы

17 қарашада Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар, еуро және рубль арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Теңге нығайды

KASE-дегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 443,99 теңге болды. Бір күнде 52 тиын немесе 0,12 пайыз арзандады.

Еуро 0,20 пайыз төмендеп, 488,49 теңгеге түсті. Ресей рублі 0,15 пайыз әлсіреп, 5,3883 теңге болды.

Ал Қытай юанінің бағамы керісінше сәл өсті. Ол 0,04 пайыз қымбаттап, 66,6237 теңгеге жетті.

Контекст

Қазір доллар қазан айының соңындағы бағамынан едәуір төмен саудаланып жатыр. 30 қазанда америкалық валютаның бағамы 453,77 теңге болған еді. Қазір 443,99 теңгеге дейін түсті.

Осылайша, осы кезеңде доллар 9,78 теңге немесе шамамен 2,2 пайыз арзандады.

Сізге қызық болуы мүмкін