×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда орта кәсіпорындардың 30%-ы шығынға батқан

10.11.2023, 10:50
фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қолдау негізінен шағын және орта кәсіп субъектілеріне бағытталған. Алайда орта бизнес іс жүзінде дамып жатқан жоқ. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүгінгі орта бизнесті тоқырауға жақын деп айтуға болады. Орта кәсіпорындардың ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2019 жылдың деңгейінде қалады – шамамен 6%. Бұл ретте орта бизнес кәсіпорындарының 30%-ға жуығы бірінші жартыжылдықта шығынға батқан. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету үшін тиімділікті мұқият талдап, бизнесті қолдау шараларын қайта реттеу қажет", - деді ол.

Әшімбаев бірінші кезекте неғұрлым перспективалы және өнімді секторлардың дамуына назар аудару қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, Әшімбаев Қазақстанда тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындарды кеңейтуді ынталандыратын құралдарды күшейту қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда іскерлік белсенділік төмендегені хабарланған. Қазан айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі теріс аймақта қалып, 49,6 құрады.

Серіктес жаңалықтары