×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Sony Corporation Қазақстанға аккаунт ашу мүмкіндігін беруден бас тартты

10.11.2023, 11:04
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сенат отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш вице-министрі Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық ойыншылардың PS Store дүкенінен ойын сатып алу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты Қазақстанның Жапониядағы елшілігі Sony компаниясымен келіссөзді бастаған еді. Бұл жайлы биыл наурызда министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин хабарлаған. 

Сенаттың бүгінгі отырысында Геннадий Шиповских осы мәселені қайта көтерді. Бірнеше ай өткенімен, қазақстандық PS ойыншыларында аккаунт ашу мүмкіндігі әлі де жоқ. Сенатор Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі өкілдеріне сұрақ жолдады.

«Әлемде креативті индустрия күннен күнге дамып келе жатыр. Әлем бойынша креативті индустрияның миллиардтаған доллар табыс айналымы бар. Біз осы индустрия саласындағы нарыққа қаншалықты бейімбіз? Креативті индустриямен қомақты табыс тауып отырған алпауыт Сони компаниясының өнімдерінің тізімінде тәуелсіз ел бола тұра біздің мемлекет сол Sony тізімінде жоқ. Тіпті біздің креативті индустрияның белсенділері гейм-дизайнерлер немесе түрлі юзерлер біздің ел атынан Сони өнімін ала отыра аккаунт та аша алмайды. Өйткені біздің еліміз ол тізімде жоқ. Бұл бағытта қандай іс-әрекеттер атқарып жатырсыздар?» - деп сұрады ол.

Асхат Оразбектің қазақша қойылған сұраққа берілген қазақ тіліндегі жауабы сұйық, түсініксіздеу шықты. Оның сөзінше, «бүгінгі таңда технологиялық кәсіптерде Қазақстанның барлық азаматтары да, арасында танымал ету мақсатында (...) бізде технопарк бар». Астана Хабты атайды. Вице-министр сонымен қатар, креативті индустрия өкілдерімен, блогерлермен, режиссерлермен және вайнерлермен әлеуметтік желілер үшін кең ауқымды аудиторияға түрлі бейнежобалар жасайтын медиажобалар жүзеге асырылып жатқанын айтады.

«Сони Плестейшон туралы айтып кетсек, Sony Group Corporation ақпаратты бізге берді. Ресей азаматтарында біздің отандық банктерде жеңіл есептерді ашу мүмкіндігі бар болғандықтан, біздің өңірде, Орталық Азияда Сони корпорациясының сони плейстейшон аккаунтарын ашылуы жоспарлары жоқ қазіргі таңда», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары