×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Бишімбаевтың ісі: экс-министрдің бұрынғы әйелі оның ұсталуына қатысты пікір білдірді

10.11.2023, 13:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұсталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оның ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ​​

“Ол күрт өзгерді”

"Бұл сұмдық, шок, трагедия. Салтанаттың отбасына көңіл айтамын", - деді Назым Бишімбаева.

Назым Бишімбаева Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл отасқан. Олар Бишімбаев түрмеден шыққаннан кейін бір жыл өткен соң, 2020 жылы ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

"Біз ажырасудан біраз уақыт бұрын бөлек тұра бастағанбыз. Біз сирек сөйлестік, тек балаларға қатысты. Ол балаларға көмектесті, сөйлесті, бірақ соңғы жылы өте сирек байланыстық", - деді Бишімбаева.

Оның айтуынша, соңғы 6-9 айда Бишімбаев күрт өзгерген.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Марқұм жайлы не белгілі

Қуандық Бишімбаевтың әйелі – 1992 жылы туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызы. Ол – бұрынғы министрдің екінші әйелі. 

Келіншек астрологиямен айналысып, желіде жеке блогын жүргізген. Оның парақшасында көрсетілгендей мәліметке сүйенсек, консультацияларының құны шамамен 80 мың теңгені құрады.

Бишімбаевтың төрт баласы бар, үшеуі – бірінші некеден, біреуі – екінші некеден.

Жемқорлық үшін 10 жыл

Қуандық Бишімбаев 2017 жылға дейін жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

2009-2010 жылдары Президент Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарған. Одан кейін Сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, "Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасының орынбасары болды. 2013-2016 жылдар аралығында "Бәйтерек" АҚ басқарма төрағасы, 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

2017 жылдың 10 қаңтарында Бишімбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды. 2018 жылдың 14 наурызында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде бұрынғы шенеунік бостандыққа шықты. Шымкент қаласының Абай аудандық соты оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Серіктес жаңалықтары