Ақтауда №1 мектептің тәжірибелі биология пәнінің мұғалімі Наталья Дроздова осыдан біраз уақыт бұрын жұмыстан босатылды. Бұл іс жұртшылыққа тарап кеткен соң, қалалық білім бөлімі жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылғанын, алайда жағдай әлі де шешілмей тұрғанын мәлімдеді. Осының аясында басқа да ақтаулық ұстаздар жұмыстан әділетсіз босатылғанын айтып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Наталья Дроздованың өзі жұмыстан босатылуына жалақының төленбеуіне байланысты әртүрлі органдарға шағымдануы себеп болған деп санайды. Бірақ ресми нұсқа басқаша - мұғалім жұмыс орнында болмаған (Еңбек кодексінің 52-бабының 8-тармағы). Ата-аналар биология пәнінің мұғалімінде сол күні демалыс беру туралы директордың қолы қойылған өтініш бар екенін айтады.
Өзге мұғаліидер білім басқармасы жанындағы комиссияның мұғалімді жұмысқа қайта алу туралы шешіміне қарамастан, әлі күнге дейін жұмысқа қайта қабылданғанына, ал №1 мектеп әкімшілігінің Наталья Дроздованы қайта шақырмағанына таң қалуда.
«Бір мектепте көп жылғы тәжірибе, шәкірттерінің жетістіктері, өз ісіне деген адалдығы есепке алынбай ма? Біз оның жұмыстан босатылуын негізсіз деп есептейміз және бұл мәселеде басшылық органдар тарапынан әділ шешім қабылданатынына сенеміз. Президент Қазақстан халқына Жолдауында біз, ынтымағы жарасқан халық жемқорлық пен әділетсіздікке орын жоқ әділетті мемлекет құрып жатқанымыз айтылған. Біз, ұстаздар мектеп қабырғасында ізгілік, намыс, ар-ождан, ізеттілік, жауапкершілік, қамқорлық пен әділеттілік, еңбексүйгіштік пен құқықтық мәдениет, Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді сіңіреміз. Бірақ кейде үлкендердің әрекеті тәрбие жұмысына қайшы келеді. Сонда сіз шәкірттеріңіздің көзіне қалай қарайсыз?», - дейді Наталья Дроздовамен ұзақ жылдар бойы биологтар тобында жұмыс істеп келе жатқан ұстаздар.
Мұғалімдер бұл мәселе әділ шешімін табады деп үміттенеді.
Мектеп әкімшілігінің өзі жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.