×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Абай облысында 18 жастағы жүргізуші тоғызыншы сынып оқушысын қағып кетті

12.11.2023, 15:21
Фото: Ашық дереккөз

Абай облысында дәрігерлер 15 жастағы Алина Палицкаяның өмірі үшін күресіп жатыр. 18 жастағы жүргізуші қағып кеткен жасөспірім 6 күннен бері комада жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бұл менің қызым. Жағдайы бірқалыпты, ауыр. Миына екі рет ота жасалған. Оны Абай аудандық полиция бөлімі көрсін деп таратыңызшы", - делінген қыздың анасының өтінішінде.

Полицейлер облыстық полиция департаментінің басшылығы бұл істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Оқиға 4 қарашада Бесқарағай ауданында Семей-Долон-Қоянбай тас жолының 162/22 шақырымында болғаны нақтыланды.

«18 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен, көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2 қарашада Жетісу ауданындағы Биғаш ауылындағы жолда әкім 9-сынып оқушысы Асыл Тұрсынбайды қағып кеткен. Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы туралы хаттама толтырғанымен, шенеунікті ұстамаған.

Серіктес жаңалықтары