×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Экс-президенттің туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды

13.11.2023, 09:20
Коллаж: Ulysmedia.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ratel.kz-ке сілтеме жасап.

«Сағат 09.28-де оның жүрегі тоқтады (асистолия). 23 минут бойы реанимациялық іс-шаралар жасалған. Алайда ол көмектеспеді», - деп жазады басылым.

Болат Назарбаев 4 қарашада қайталанған инфарктпен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғаны хабарланған.

Соңғы бірнеше жылда Болат Назарбаев төсек тартып жатты. Бұған дейін дәрігерлер оған көмей ісігі деген диагноз қойған. Сондай-ақ, экс-президенттің інісі қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған.

Көп өтпей Алматы Орталық клиникалық ауруханасы да, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1990 жылдардан бастап бизнеспен айналысқан. Кәсіпкерлер оны бірнеше рет кәсіптерін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы

Экс-президенттің тағы бір інісі – 1947 жылы туған Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы жол апатынан қайтыс болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы да бар – Әнипа Назарбаева, ол 73 жаста. 2023 жылдың қыркүйегінде сот одан Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін тартып алды. Іс материалдарына сүйенсек, колледж бұрын Назарбаевтың қарындасына кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Бұл істе Назарбаева Әнипа Әбішқызынан мемлекет кірісіне 3450 теңге сомасында мемлекеттік баж өндірілді.

Болат Назарбаевтың қлы

Нұрбол Назарбаев – Prime Capital Invest ЖШС құрылтайшысы. "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС, PLS-TM ЖШС ("Алматы ауыр машина жасау зауыты"АҚ мажоритарлық акционері) тең иесі. Нұрбол Назарбаевтың жағдайы 155 млн долларға бағаланады, ол Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің рейтингінде 45-ші орында.

Серіктес жаңалықтары