×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған көлік жүргізушілері қашан жазалана бастайды

13.11.2023, 11:14
Жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған көлік жүргізушілері қашан жазалана бастайды
фото: ашық дереккөзден

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған автокөлік иелеріне қашаннан бастап жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, 1 желтоқсанға дейін барлық жүргізушілер көліктерін қысқа дайындауы керек.

"Заңнамаға сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік құралдарының жүргізушілері өз көліктерінде қысқы дөңгелектің болуын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатуға және бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы", - деді ол.

Ресми өкіл айыппұлдың ең төменгі мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болатынын атап өтті. Егер бір жыл ішінде жүргізуші қайтадан бұзушылыққа жол берсе, онда айыппұл сомасы 10 АЕК-ке дейін (34 500 теңге) өспек.