×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Қара" тізімге енген мердігер анасының атынан қайтадан компания ашады – вице-министр

13.11.2023, 15:13
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілісте мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттар қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілге кезек-кезек сұрақ қойған. Жауаптарының бірінде шенеунік тендер алғанымен, тапсырысты орындамайтындардың бір қулығы жайлы айтты.

- Жауапсыз мердігерлер - бұл да біздің бас ауыртатын проблемаларымыздың бірі. Біз оларды екі жылға “кіргіземіз” (жосықсыз мердігерлер тізіміне). Қазіргі жаңашылдықтың бірі - егер біз жосықсыз тауар жеткізушімен бірге құрылтайшысын да, бас директорын да екі жылға кіргіздік. Бірақ біз жауапсыз мердігерді тізімге кіргізсек, ол қарындасының немесе анасының атынан компания ашады. Біз оларға заң жүзінде қалай тосқауыл қоямыз?, – дейді Кеңбейіл.

Серіктес жаңалықтары