×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Армения премьері ҰҚШҰ сессиясына қатысудан бас тартты

14.11.2023, 17:14
Армения премьері ҰҚШҰ сессиясына қатысудан бас тартты
Sputnik

Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян 23 қарашада Минскіде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатыспайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Армения үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Никол Пашинян Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескен кезде "отырысқа қатыса алмайтынын" айтқан. Армения премьер-министрі "ҰҚШҰ серіктестері бұл шешімді түсіністікпен қабылдайды деген үмітін білдірді".

2009 жылдан бастап, яғни ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырыстары өткізіле бастағалы Армения бұл жиындардан ешқашан қалмаған.

Кремль Армения премьер-министрінің жиынға қатыспау туралы шешімінен бейхабар болып шықты.

"Егер бұл рас болса, өкінішті", — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.