×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Параны қала сыртындағы үй күйінде алған: Астана әкімдігі басқармасының басшысы қамалды

15.11.2023, 14:52
Фото: Ашық дереккөзден

Тергеу нұсқасына сай шенеунік жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін пара алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы не үшін ұсталғанын айтып берді.

– Шенеунік жеке компания басшысынан саяжай түрінде үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл пара Астананың кәріз тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды жеткізушіні айқындау кезінде жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін алынған, – деді Тілеукенов.

Сот шенеунікті тұтқындау жөнінде шешім қабылдады.

Бұған дейін Астанада отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Серіктес жаңалықтары