Көкшетау – Астана тасжолында төрт көлік соқтығысты. Жол апатынан үш адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға мән-жайы
Жол апаты Макинск қаласынан өткеннен кейін, Астана бағытындағы жол учаскесінде болған. Екі адам оқиға орнында көз жұмса, тағы біреуі ауруханада қайтыс болған.
Ақмола облысының полиция департаменті мәліметінше, 1 қарашада Астана – Петропавл автожолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.
Контекст
Бұған дейін Ақмола облысында көлік жол жұмысшысын қағып, оның қаза тапқанын хабарланған едік.