×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Мемлекеттік күзет қызметі себебін түсіндірді

Бүгін, 15:40
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Мемлекеттік күзет қызметі себебін түсіндірді
Қорғаныс министрлігі

1 қарашадан бастап Астана аспанында әскери ұшақтар оқу-жаттығу ұшуларын өткізеді. Сондай-ақ, алдағы күндері елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл шаралар халықаралық саяси кездесулерге дайындық аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана аспанында әскери ұшақтар неге ұшады?

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, 5–7 қараша аралығында елордада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтеді.

Осыған байланысты 1 қарашадан бастап әскери ұшақтар Астана аспанында оқу-жаттығу жүргізеді.

Іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері мен Қазақстан Қарулы күштері жұмылдырылады.

Қай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі?

5–7 қараша аралығында Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға және қала ішінде жүретін бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.