×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

“Зайырлы құрылымды құлатуды көздеген”: ҰҚК радикалды діни топ мүшелерін ұстады

15.11.2023, 16:20
ҚР ҰҚК

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Комитеттің хабарлауынша, 2023 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтары бейтараптандырған.

Терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша күдікпен оның 12 мүшесі бірмезгілде ұсталған.

Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан.

Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар айқындалды.

Комитет топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар екенін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары