×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Астанада қоластындағыларды ұрған полиция бастығы қызметінен шеттетілді

20.10.2021, 16:58

Қоластындағыларды сабаған полицейдің әрекеті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы полицияның желілік бөлімінде тіркелгені анықталып отыр. Осы оқиға бойынша Көліктегі полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Көліктегі полиция департаменті бастығының бұйрығымен полицияның желілік бөлімінің бастығы, сонымен қатар оның кадрлар саясаты жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды. Тәртіптік сипаттағы шаралар сонымен қатар Көліктегі ПД-дағы басшылық қызметтегі қызметкерлерге де қатысты қабылданды», - деп жауап берді ulysmedia.kz порталына департаменттің баспасөз қызметі.

Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдай өрескел және қолайсыз деп санайтынын хабарлады.

«Қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарларын тазарту қағидатын ұстанады» - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары