×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16.11.2023, 09:21
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы отандастарымызды халық саны 20 миллион адамға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Дәл осы күні мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Яғни келесі жылы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордан балаларға қаражат бөліне бастайды.

Серіктес жаңалықтары