×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Жапондар Alina Group компаниясының 75% үлесін сатып ала алады

16.11.2023, 17:29
Жапондар Alina Group компаниясының 75% үлесін сатып ала алады
Фото: Ашық дереккөзден

Жапонияның Nippon Paint Holdings Co., Ltd. бояу және лакбояу компаниясы Қазақстанның ең ірі құрылыс өнімін өндіруші Alina Group компаниясының 75% үлесін сатып алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тараптар 11 қарашада акцияны сатып алу-сату шартын жасасты. Мәмілені 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығына жабу жоспарланған. Опцион келісіміне сәйкес, жапон тарапы қалған акциялардың 25%-ын үш жыл ішінде олардың иелері мақұлдаған кезде сатып ала алады.

Alina Group активтері 2022 жылдың желтоқсанына 98,9 миллион долларға, ал жалпы капиталы 13,4 миллион долларға бағаланған.

Компанияның негізгі иесі – кәсіпкер Ерлік Балпанбаев (91%) ие.