×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Еуро-2024: Қазақстан Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

17.11.2023, 21:56
Ақорда

Қазақстан құрамасы футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінде Сан-Марино командасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Матчтың 19-шы минутында қонақтардың қақпасына Ислам Чесноков гол соқты. Екінші голды да 51 минутта Чесноков салды. Матч аяқталарда Абат Айымбетов пенальтиді сәтті орындады.

Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі алтыншы жеңісі. Осы ойынның арқасында ұлттық құрама жалпы ұпайын 18-ге жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ойын алдында Қазақстанда 15 ұпай болған. Н тобының көшбасшылары Словения мен Дания құрамаларында 19 ұпайдан бар. 17-18 қарашаға қараған түні олар Копенгагенде кездеседі.

Серіктес жаңалықтары