2026 жылғы 11 қазаннан бастап inDrive.Курьерлер пайдаланушыларының белсенділігі айтарлықтай артты. Кей күндері тапсырыстар саны екі есе, ал жеткізу қызметін алғаш рет пайдаланған адамдар саны төрт есе өсті. Сұраныстың шарықтау кезеңіне қарамастан, жеткізудің орташа құны бұрынғы деңгейде сақталды. Платформадағы курьерлер санының белсенді өсуінің арқасында сервис жұмысын үзіліссіз жалғастырды. Қарапайым тіркеу мен верификациядан өткен курьерлер бірден тапсырыстарды қабылдай алады. Жалпы, сервистегі курьерлер саны үш есе артты.
Сервис жеткізу сапасын қалай бақылайды?
Қазақстанда inDrive.Курьерлер және inDrive.Жүк тасымалы қызметтерін пайдаланушылардың жартысынан астамы – кәсіпкерлер, шағын бизнес иелері немесе олардың қызметкерлері. Олар үшін жеткізудің сенімділігі тапсырыстың сатып алушыға қалай жететініне тікелей әсер етеді. Сондықтан жаңа курьерлер тіркелгеннен кейін бірден корпоративтік тапсырыстарға қол жеткізе алмайды. Алдымен олар қарапайым жеткізу тапсырыстарының белгілі бір санын сәтті орындауы керек. Бұл тәсіл курьердің жұмыс сапасын бизнес тапсырыстарын орындай бастағанға дейін бағалауға мүмкіндік береді.
Корпоративтік жөнелтілімдер жоғалған немесе бүлінген жағдайда 25 000 теңгеге дейін сақтандырылған. Мұндай жағдайларда өтемақы алудың жеңілдетілген рәсімі және басымдықпен көрсетілетін қолдау қарастырылған.
Қосымшада жеткізу барысын бақылауға арналған құралдар да бар. Пайдаланушы курьердің бағытын нақты уақыт режимінде қадағалап, бақылау сілтемесін басқа адамдармен бөлісе алады. Тапсырыстың орындалғанын растау үшін бірегей код қолданылады. Бұдан бөлек, курьер межелі нүктеден 300 метрден астам қашықтықта болса, келгенін белгілей алмайды, ал тапсырысты болдырмау үшін клиенттің растауы қажет.
inDrive зерттеуіне сәйкес, inDrive.Курьерлер арқылы жіберілетін әрбір оныншы сәлемдеме – гүл немесе сыйлыққа арналған тәттілер. Ал жеткізілімдердің ең үлкен үлесін дайын тағамдар мен азық-түлік құрайды.
– Шағын компаниялар, дүкендер, кафелер және басқа да шағын бизнес өкілдері үшін жеткізу қызметі клиенттердің қанағаттануына тікелей әсер етуі мүмкін. Оларға сенімді әрі жұмысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін сервис қажет. inDrive платформасында олар курьер мен көлік түрін таңдап, өз бағасын ұсына алады, бірнеше жеткізуге бір уақытта немесе бірнеше мекенжай бойынша тапсырыс бере алады. Сонымен қатар жеткізу барысын картадан бақылап, алушыға тапсырыс мәртебесін жібере алады, – дейді inDrive.Курьерлер бизнесін дамыту жөніндегі менеджері Әли Сағидуллаев.

inDrive туралы
inDrive – көлік және жеткізу қызметтеррінің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 400 миллионнан астам рет жүктелген және төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең көп жүктелген қосымшалардың ішінде екінші орында тұр. Қалалық сапардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық қызметтерді қамтитын қызметтер тізімін кеңейтіп келеді. 2023 жылы inDrive венчурлық және M&A бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.
inDrive 47 елдің 1200-тен астам қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын ұстана отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Ол бұл мақсатқа жергілікті қоғамдастықтарды әділ баға қою моделі арқылы қолдайтын негізгі қызметі, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламалар жұмысы арқылы жетуді көздейді.