Өзбекстан қарулы күштерінің Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Апат 17 қарашада Астана уақытымен сағат 21:15-те болды.
Тікұшақ Самарқанд облысындағы «Қаттақорған» полигонында оқу-жаттығу ұшуын орындаған.
Өзбекстанда қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Бұған дейін АҚШ-та әскери ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. 5 адам қайтыс болды.