×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әркім әртүрлі айтатынын білемін – Нұрсұлтан Назарбаев

18.11.2023, 14:23
Фото: Ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың асында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналистерге астан шыққан Мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары Бүркіт Аяған айтты.

- Ол (Болат Назарбаев) біздің кенжеміз еді. Қолымызда өскен. Ал қазіргі заман жайлы айтар болсақ, әркім әртүрлі айтып жатқанын білемін, бірақ мен қолымнан келгенінің бәрін істедім. Соғыссыз елді аман-сау алып өттік деді, - деген Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласында Болат Назарбаевтың асы берілді.

Оған Мырзатай Жолдасбеков бастаған ескі жүйеде билікте отырған ығайлар мен сығайлар қатысты.

Серіктес жаңалықтары