×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ұшу үшін әл жинап үлгермеді: Ақмола облысындағы ауылға ұшып барған пеликандар өліп қалды

18.11.2023, 16:15
pixabay.com

Жақында Ақмола облысының Ольгинко ауылына қызыл кітапқа енген көкқұстар ұшып барған болатын, алайда құстар аман қалмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

300-ге жуық адам тұратын ауылда сирек кездесетін құстар бұрын кездеспеген. Олар қанатты қонақтарды тамақтандыруға тырысты, бірақ құстар тамақтан бас тартты, ал өздері әлсіздіктен қорек таба алмады. Нәтижесінде аштықтан өліп қалды.

Мамандар климаттың өзгеруіне байланысты құстар балапандарын кешіктіріп басқанын айтты. Осыған байланысты барлық жас құстар әл жинап үлгермеді, ұзақ жолға ұшуға төтеп бере алмады. Сол себепті олардың біразы ауылға қонақтаған.

Бұған дейін Ольгинка тұрғындары өздеріне ұшып келген пеликандар өліп қалуы мүмкін деп қауіптенген болатын.

Серіктес жаңалықтары