×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Израиль өтірікті өте жақсы айтады: Ердоған Газа секторындағы жағдай жайлы

19.11.2023, 09:16
Фото: Ашық дереккөзден

Израиль армиясының шабуылдарынан кейін Газа секторы толығымен жойылды деп хабарлады Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Ол Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен бірлескен баспасөз мәслихатында Газа секторындағы мәселеге жеке тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгінге дейін 13 мың палестиналық бала, әйелдер мен қарттар қайтыс болды. Газа қирандыға айналды, - деді түрік басшысы.

Оның сөзінше, Израиль ауруханаларға, ғибадат орындарына шабуыл жасап, мыңдаған палестиналықтың өмірін қиған. 

– Мұсылман ретінде бұл жағдай мені алаңдатады. Христиан ретінде  сол шіркеулердің жойылғанына сіздің жаныңыз ашымай ма? Неліктен ешкім бұл әрекеттерге қарсы тұрмайды? Біз адамдарды еврейлерге, христиандарға және мұсылмандарға бөлмеуіміз керек, - деп атап өтті Ердоған неміс журналисінің НАТО-ға мүше Түркияның одақтастарынан өзгеше халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымына қатысты сұрағына жауап бере отырып.

Ол әлемнің барлық елі Таяу Шығыста әділ және тұрақты бейбітшілік орнатуға жауапты болуы керектігін атап өтті.

– Біз не болып жатқанын өзімізден сұрап, жауапкершілікті өзімізге жүктеуіміз керек. Егер біз үнсіз болсақ, тарих алдында жауап береміз, – деп қосты Ердоған.

Түркия президенті 7 қазандағы оқиғаларды Газа секторындағы қазіргі оқиғалардың "бастапқы нүктесі" ретінде қарастыру мүмкіндігін жоққа шығарды.

Ердоған Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс күшейіп жатқандықтан, 1967 жылғы шекаралар негізінде екі мемлекетті құру туралы шешімге оралу керек деп есептейді.

Сондай-ақ, ол Израильде "ядролық қару бар ма?" деген мәселені тағы көтерді.

– Израильде ядролық қару бар ма? Иә, бірақ олар мұны мойындамайды. Олар өтірікті өте жақсы айтады, - деді Түркия президенті.

Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлады.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстан 120 елмен бірге Таяу Шығыста тез арада атысты тоқтатуды талап ететін қарарды қолдады. Көпшілік дауыспен БҰҰ Бас ассамблеясы бір топ араб елдері ұсынған Израиль мен Хамас арасында Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап ететін қарарды мақұлдады. Бұл қарарға 120 ел дауыс берді, Израиль мен АҚШ-ты қосқанда 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел, оның ішінде Украина да қалыс қалды.

Серіктес жаңалықтары