×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Израиль, ХАМАС және АҚШ бітімге келді - БАҚ

19.11.2023, 13:13
REUTERS

The Washington Post басылымының жазуынша, Израиль, Хамас және АҚШ бітімге келу туралы алдын ала келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басылымға дереккөздердің айтқанындай, келісім шарттарға сәйкес, әскери қимылдардағы үзіліс бес күнге созылады. Ол Газа секторына Мысырдан жеткізілетін гуманитарлық көмек, соның ішінде жанар-жағармай көлемін арттырады.

Сондай-ақ, басылымның жазуынша, палестиналық топ ондаған кепілге алынғандарды босатуға міндеттенді. Кепілге алынғандардың алғашқы топтары жақын күндері тасымалдана бастайды.

Бітімгершілікті сақтау «әуеден бақыланады».

17 қарашада Израиль қорғаныс күштері Газа қаласының батыс бөлігін толығымен бақылауға алып, жолақтағы жердегі операцияның келесі кезеңіне өтіп жатқаны хабарланды.

ХАМАС лаңкестері 1200-ге жуық адамын өлтіріп, 200-ден астамын кепілге алған Израиль шабуылға жауап ретінде Газа секторына басып кірді. Израиль басшылығы ХАМАС-ты толығымен жоюды Газадағы мақсаты деп атады. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соғыс басталғаннан бері бұл жолақта 11 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылдарын және шетелдіктерді қоса алғанда, адамдарды кепілге алуын айыптады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ Израильді «Газа секторының бейбіт тұрғындары арасында көптеген құрбандарға және азаматтық инфрақұрылымды қиратуға әкелетін пропорционалды емес күш қолданудан» аулақ болуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары