×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ақтөбе облысында әкім келіп ашқан жаңа спорт кешені жабылып қалды

19.11.2023, 14:27
Ақтөбе облысында әкім келіп ашқан жаңа спорт кешені жабылып қалды

Қарғалы ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Петропавловка ауылындағы спорт нысаны ақпан айында пайдалануға берілген. Бірақ жергілікті бюджеттен 270 миллион теңге жұмсалған нысанның есігі күні бүгінге дейін жабық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, облыстың бұрынғы басшысы ақпан айында нысанды аралаған. Спорт залында жаттығуға кіріскен жас спортшыларға волейбол және футбол киімдері мен доптар табыстады. Алайда содан бері балалар спорт кешені табалдырығын аттаған жоқ.

«Кетті, бәрі қайтадан жабылды.Кемшілікті көріп тұрсыңдар, құжат бойынша тапсырды.Қараңдаршы, бәрі шашылып жатыр», - дейді кент тұрғыны Нұрбек Сейілов.

Желтау ауылдық округінің әкімдігі бұл шараны пайдалануға беру емес, таныстыру іс-шарасы деп түсіндіріп отыр. Шенеуніктердің айтуынша, нысан құрылысы биылғы жазда ғана аяқталған.

«Жер актісін рәсімдеуде қиындықтар туындады.Қазір аудан әкімдігімен бірлесе отырып, барлығын ретке келтіріп жатырмыз.Жұмыс жалғасуда.Жыл соңына дейін нысанды ауданның балансына өткіземіз”, – деп уәде берді Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Шенеуніктердің сөзінше, спорт кешенінің қызметкерлері әлі жұмысқа қабылданбаған.