×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Арон Атабек жансақтау бөлімінде жатыр

20.10.2021, 20:34
Фото: ашық дереккөз

15 жылдан кейін түрмеден шыққан диссидент ақын Арон Атабек қайтадан ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды. Бұл туралы Арон Атабектің қарындасы Разия Нутышева айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Азаттық радиосының мәліметінше, Арон Атабектің жағдайы өткен аптаның соңында нашарлаған. Туыстары жедел жәрдем бригадасын шақырып, ақынды жеке емханаға жеткізіге мәжбүр болған.

«Жағдайы онша емес, тамақ жей алмайды. Ауруы асқынып кетті. Ауруханадан шыққан соң он күндей оны үйде емдедік, ол кезде ауруханаға жатудан бас тартқан болатын. Үйдегі ем айтарлықтай нәтиже берген жоқ, жағдайы нашарлап кетті. Әдетте ол ештеңеге шағымданбайды, бірақ өткен жұма күні тыныс ала алмай қалатынын айтты. Мен қорқым кеттім , себебі жағдайы нашарлап кеткені сырт көзге көрініп тұрды. Жеке емханаға баруға келісімін сұрадым. Ол баратынын айтты. Жедел жәрдем шақырып, емханаға бардық», - дейді Разия Нұтышева.

Қарындасының айтуынша, Арон Атабек өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауруханаға барған соң «оның жағдайы сәл жақсарды».

«Аздап тәуір болғаннан кейін қайтадан үйіне барғысы келіп тұр. Бұл туралы дәрігерлер айтты», - дейді ол.

Арон Атабектің қарындасы оның қай ауруханада жатқанын айтпады.

Еске сала кетсек, сот шешімімен Аран Атабектің бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды.

Сондай-ақ, Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан инстаграм парақшасына әкесінің денсаулық жағдайы туралы жазып, оны орынсыз мазаламауды сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары