×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Ресей төлқұжатын алған қазақстандық Украинадағы соғысқа аттанды

21.11.2023, 10:15
Ресей төлқұжатын алған қазақстандық Украинадағы соғысқа аттанды
Иллюстрациялық фото

Жақында жұбайы екеуіне салтанатты жағдайда ресейлік төлқұжаттар тапсырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бердскіде тұратын қазақстандық "арнайы әскери операцияға" қатысуға келісімшартқа қол қойып, Ресей азаматығын алғаны жайлы ақпарат шықты.
"Берд жаңалықтары" мәліметінше, төлқұжатты әйелі де алған.
Путиннің Жарлығына сәйкес, шетелдіктер әскери қызметке келісімшарт жасасу кезінде Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алады.
Бердск бастығы Роман Бурдин қалада мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Ресей қазақстандықтарды соғысқа тарту арқылы өз әскерінің қатарын толықтыруға тырысып жатқаны хабарланған еді.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Арменияда қызметке кіру кезінде 495 мың рубль (5000 доллар) мөлшерінде алғашқы төлемді және одан әрі 190 мың рубльден (2000 доллар) жалақы ұсынатын онлайн-хабарландырулар жарияланып жатыр. Сондай-ақ Қостанай облысында этникалық орыс халқын әскери қызметке шақырған  рекрутерлер көбейген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық сайттарда Ресей армиясына "еріктілерді" іздей бастағаны хабарланған болатын.