×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Сайлау алдында мобилизациядан қашқақтаған Ресей соғысқа қазақстандықтарды тарта бастады

04.09.2023, 10:12
Сайлау алдында мобилизациядан қашқақтаған Ресей соғысқа қазақстандықтарды тарта бастады
TASS

Ресей билігі көрші елдердің азаматтарын соғысқа қатысуға тарту арқылы өз әскерінің қатарын толықтыруға тырысуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлыбританияның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Арменияда қызметке кіру кезінде 495 мың рубль (5000 доллар) мөлшерінде алғашқы төлемді және одан әрі 190 мың рубльден (2000 доллар) жалақы ұсынатын онлайн-хабарландырулар жарияланып жатыр. Сондай-ақ Қостанай облысында этникалық орыс халқын әскери қызметке шақырған  рекрутерлер көбейген.

Ресей билігі армияда қызмет етуге келісімшарт жасасқан шетелдіктер үшін азаматтық алуды жеделдетуге уәде береді. 2023 жылдың мамырынан бастап Ресей Федерациясы Орталық Азиядан келген мигранттарды армиясына баруға үгіттеп, оларға 4160 долларға дейін жалақы ұсынып келеді.

Сонымен қатар Мариупольге жұмысқа барған өзбек құрылысшыларының төлқұжаттарын тартып алып, Ресей армиясына кіруге мәжбүрлегені хабарланды.

Ресей Федерациясында Орталық Азия елдерінен барған 6 миллионнан астам мигрант бар, оларды Кремль әлеуетті күш ретінде қарастырады.

"Ресей 2024 жылғы президенттік сайлау қарсаңында ішкі мобилизация шараларынан аулақ болғысы келетін шығар. Шетелдік азаматтарды қанау Кремльге өсіп келе жатқан шығындар жағдайында өзінің әскери әрекеттері үшін қосымша адам ресурстарын тартуға мүмкіндік береді", — деді Ұлыбритания қорғаныс министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық сайттарда Ресей армиясына "еріктілерді" іздей бастағаны хабарланған болатын.