×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда Украинаға қарсы соғысқа жіберу үшін "еріктілерді" іздей бастады – БАҚ

04.08.2023, 08:16
Reuters

Reuters агенттігі қазақстандық сайттарда Ресей армиясына еріктілерді іздей бастағаны жайлы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарнаманың қазақстандықтарға бағытталғаны анық екені айтылған – онда Ресей мен Қазақстанның тулары бейнеленген, ал рәміздердің жанында "Иін тіресе" деген ұран бар.

Хабарландыруда Сахалинде әскер қатарына қосылуды ұсынатын сайт көрсетілген. Оны кадрларды іріктеуге маманданған Сахалин облысының адами капиталды дамыту агенттігі ашқан.

Жұмысқа қабылданғандарға 894 мың теңге (2000 АҚШ доллары) жалақы және 2,3 миллион теңге (5300 АҚШ доллары) біржолғы төлем ұсынылады.

Бұған дейін украиналық саясаткер Алексей Гончаренко Қазақстанның Ресейдің ақпараттық шабуылына ұшырағанын айтқан болатын.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қостанай азаматтарын Украинадағы соғысқа жіберу үшін іріктегенін хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары