×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталып кетті

21.11.2023, 16:14
Фото: Ulysmedia.kz

Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкім шығарған. 

– Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі). Сот не белгіледі: экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді, – делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы соттан өзін ақтауды өтінген.

Сот шешім шығарғанда қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде “жас балаларының болуын” танығанымен, қабылдаған антын бұзуын” ауырлататын мән-жай” ретінде қарастырған. 

– Сот үкімімен экс-вице-министр А. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Еске сала кетейік, 31 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-мәжілісмен, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын. Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған еді.

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, экс-мәжілісмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған. Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты «сандырақ» деп атаған.

Серіктес жаңалықтары