×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Магомед Адиев бас бапкер қызметінде қала ма?

21.11.2023, 16:50
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін жанкүйерлердің көкейінде «Адиев ұлттық құрамада қала ма?» деген сауал туындағаны белгілі. Бұған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметін жалғастырады. Біз бірлесіп еліміздің футболын дамытудың жоспарын түземіз. Ауқымды жобаны өзіміздің стратегиямыз бен ыңғайымызға қарай жүйелеп, дамыту бағытын саралаймыз, – деді Ә.Бәрменқұлов.

Магомед Адиев 2022 жылдың көктемінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған болатын. Бұдан кейін ұлттық құрама Ұлттар лигасында Әзербайжан, Словакия, Беларусь құрамасымен ойнап, көш бастады. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 10 кездесудің алтауында жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұған дейінгі ұлттық құраманың бас бапкерлері мұндай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп көрген емес.

Серіктес жаңалықтары