Сот журналистерге шабуыл ісі бойынша үкім шығарды. Айыпталушы қатарында ұйымдастырушылар қатарында Токарев, сондай-ақ ол өзінің қылмыстық жоспарларына қатыстырған кәмелетке толмаған орындаушылар тобы бар. Зардап шеккендердің арасында Ulysmedia.kz жаңалықтар басылымының бас редакторы Самал Ибраева, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейко, сондай-ақ журналистер мен қоғам белсенділері Гүлнар Бажкенова, Гүлжан Ерғалиева, Динара Егеубаева және Роман Егоров бар.
Бірнеше айлық сот процестерінен кейін судья Токаревті шартты түрде 4,5 жылға, ал қалған төрт қатысушыны 1 жылға және 4 айға шартты түрде жазалауға үкім шығарды.
Ulysmedia.kz порталы осы оқиғалардың бастан-аяқ қалай өрбігенін қадағалап отыр.
Журналистерге қарсы шабуыл
Сот жабық режимде өтті. Қылмыстық істің негізгі мәліметтерін оқығаннан кейін судья үкім шығарды - Токаревті қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені, жеке өмірі мен дербес деректеріне қол сұғылмаушылықты бұзғаны, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарқаны және қорқытқаны, бұзақылық жасағаны, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзғаны және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін айыпталды (ҚК 158 , 147, 132, 115, 293, 207 және 202 баптары ).
Іс Алматыда қаралған. Прокурор сотталушыларды кінәлі деп танып, сотталушы Токаревті 4 жылға бас бостандығынан айыруды, ал жасөспірімді 1,5 жыл бас бостандығын шектеуді сұраған.
Сот шешімімен Токаревтің 4.5 жылға, ал жасөспірім 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеді.
Сонымен қатар сот шешімімен сотталушылар зардап шеккендерге 3 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейді.
Еске сала кетейік, 10 және 13 қаңтар күндері белгісіз біреулер Elmedia.kz сайты редакциясы кеңсесінің терезелерін сындырып кеткен болатын. Бұл алты айдағы редакцияға жасалған алтыншы шабуыл ретінде тіркелді. Редакция жетекшісі Гүлжан Ерғалиева Ішкі істер министрінен жағдайды бақылауға алуды талап етті. Президент Тоқаев оқиғаға жауап беріп, шабуылдарды мұқият тексеруді тапсырды.
13 қаңтарда белгісіз біреулер белгілі блогер Динара Егеубаеваның көлігін өртеп жіберген. Жыл басында ол «Алтыншы Қаңтар» блогын құру туралы хабарлап, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізген.
Алматы полициясы өрт қойды деген күдікпен кәмелетке толмаған бес жасөспірімді ұстады. Олар сондай-ақ El Media-ға шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары жеткіншектердің интернет арқылы «тапсырыс» алғанын хабарлады.
Өткен жылдың қазан айында Orda.kz ақпараттық порталының редакциясына бас редактор Гүлнәр Бәжкенованың суреті мен шошқаның басы салынған пакет барған. Онда әдейі жыртылған фото жануардың аузына салынған. Бажкенованың өзі бұған Назарбаевтар отбасы мен тұңғыш президент туралы жарияланымдары себеп болғанын мәлімдеді.
18 қаңтарда шабуылдаушылар Ulysmedia.kz сайтын бұзып, бас редактор Самал Ибраева мен оның отбасының жеке деректерін жариялады. Сайт басшысы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, жуырда Ulysmedia.kz кеңсесіне біреулер мал еті мен бас редактордың балаларының суреті салынған қорап жіберген. Самал Ибраева бұл әрекетті редакцияны қорқыту деп бағалайды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
19 қаңтарда журналист, "Гиперборей" YouTube арнасының авторы Вадим Борейко пәтерінің есігін әлдебіреулер құрылыс көбігімен жауып тастағаны жайында хабар тарады. Журналистің айтуынша, олар есікті жауып, кейін оны өртеп жібермек болған.
20 ақпанға қараған түні әлдекім журналист Вадим Борейконың операторының екі көлігін өртеп кеткен.
Сонымен қатар 22 ақпанда журналист Данияр Молдабеков өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
28 қаңтарда журналистерге жасалған шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғаны хабарланды.
4 наурызда ІІМ шабуылдардың басты ұйымдастырушысын атады.
Бұдан бұрын сот журналистерге шабуыл жасады деп айыпталған Аркадий Клебановты мәжбүрлеп емдеуге жіберген еді.