×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Абайсыз жағдай ма әлде теракт па: АҚШ пен Канада шекарасындағы жарылыс жайлы не белгілі

23.11.2023, 08:18
Reuters

Кемпірқосақ көпірінде автокөлік жарылып, екі адам көз жұмды. Канада мен АҚШ арасындағы төрт шекаралық бекет уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екі адам қаза болып, бір адам жараланды

22 қарашада федералды тергеу бюросы АҚШ пен Канада арасындағы Ниагара сарқырамасындағы Кемпірқосақ көпірінде автокөлік жарылды. Сол кезде екі адам - көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.

Сонымен қатар, америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ шекара қызметінің бір қызметкері жарақат алған. 

Сондағы дереккөздер автокөліктің АҚШ-тан Канадаға бағыт алғанын хабарлайды. Жарылысқа дейін ол жолдың қарама-қарсы бөлігімен үлкен жылдамдықта жүйткіп келе жатқан.

Серіктес жаңалықтары