×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Денис Теннің ескерткішіндегі ессіздік: бұзақы ұсталды

23.11.2023, 09:52
Видеодағы кадр

Ұсталған азамат Алматыдағы психикалық денсаулық орталығына орналастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Алматыдағы Денис Теннің ескерткіші бейнеленген видео жарияланған болатын. Онда мемориалдың бояуы бұлыңғыр тартып, сызылғаны анық көрініп тұр. Бейнежазба авторының айтуынша, вандал ескерткішке сурет салып қана қоймай, тіпті өзінің жеке мәліметтері мен тұрғылықты мекенжайын қалдырған.

Полиция түсініктемесі

- Денис Тен ескерткішінің мемориалында вандализм жасады деген күдікті ұсталды. Ол – психоневролог ретінде есепте тұрған Алматы қаласының тұрғыны. Ұсталған адам психикалық денсаулық орталығына орналастырылды, - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Ондағылар қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалғанын, оның қорытындысы бойынша шешім шығарылатынын айтты.

Денис Тен

Денис Теннің ескерткіші оның қайғылы қазасынан бір жыл өткен соң 2019 жылдың маусымында ашылған болатын.

Еске сала кетейік, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде көлік ұрылары Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың қолынан қайтыс болған еді. Олардың әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылдың сәуірінде Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел босатылды.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары