×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алаяқтық бойынша күдікті қазақстандық Латвиядан экстрадицияланды

23.11.2023, 10:05
Видеодағы кадр

Бүгін алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қазақстан азаматы Латвиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылу себебі

2016 жылы күдікті адамдармен бірлесіп  жәбірленушіге тиесілі емес пәтерді сатқан. Осылайша ол  сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, осыған орай халықаралық іздеу жарияланған. Кейін күдікті Латвия аумағында ұсталды.

Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктіге қандай мерзім берілуі мүмкін

Аталған қылмыс үшін оған мүлкін тәркілеумен, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары