Қазақстан президентін Беларусь астанасында құрметті қарауыл қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сессия барысында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездеседі.
Бұған дейін БАҚ-та сессияға Армения премьер-министрі Никол Пашинян келмейтіні хабарланған болатын.
Тілшіміз Минскте өтіп жатқан осы жиыннан тікелей ақпарат таратады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.