×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Отбасы екінші деңгейлі банк болып қала береді – премьер-министр

23.11.2023, 14:27
Отбасы екінші деңгейлі банк болып қала береді – премьер-министр
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Отбасы банкінің мәртебесіне байланысты елдің тұрғын үй саясатындағы алдағы өзгерістерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Отбасы банк екінші деңгейлі банк әрі солай қала береді. Ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің реттеуінде болған, солай болып қала береді. Бұл тұрғыда Отбасы банкінің мәртебесі өзгермейді, - деді Смайылов бейсенбіде Сенаттағы журналистерге.

Премьердің айтуынша, Отбасы банкке тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандардың тізілімін жүргізу бойынша қосымша функциялар ғана қосылады.

Мәжіліс отырысында кеше өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Отбасы функциялары мұқтаждар арасында тұрғын үй бөлу жөніндегі өкілеттіктерді бере алатынын айтқан еіді.

– Функцияларды беруді ескере отырып, қаржы реттеушісінің лицензиясынсыз банктік және басқа да операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер жүйесінен Отбасы банкін шығаруды жоспарлап отырмыз, - деген еді ол.