×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Қазақ әндері көбінесе бізге жарамайды" - «Бизнес FM» бас директорының сөзі әлемжеліде қызу талқыланды

26.11.2023, 13:16
Фото: Ашық дереккөз

«Бизнес FM» радиосының бас директоры Рустам Мақсұтовтың қазақ әндері туралы пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол радиохабар таратушылардың негізгі жүктемесі туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, бірінші мәселе – әуе толқындарының музыкалық мазмұны. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайды.

«Радиостанциялардың, тыңдармандардың өз талғамы бар. Негізі қазақтілді аудиторияға арналған әндер біз ұсынып отырған талаптарға сай бола бермейді. Бұл - мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан бұл біздің форматқа сәйкес келмейді», – дейді Рустам Мақсұтов.

Сондай-ақ, ол бизнес пен экономикаға қатысты қазақ тілінде контент ұсынатындар аз екенін жеткізді.

«Соңғы бес жылда біз бизнес пен экономика туралы ақпаратты сенімді әрі дұрыс жеткізе алатын білікті кадрларды таба алмай отырмыз. Яғни, бұл –  өте ауқымды мәселе. Орыстілді адамдар үшін экономика және бизнес туралы әдебиеттер бар, бірақ қазақтілді аудитория үшін іс жүзінде жоқ», – деді Business FM бас директоры.

Әлеуметтік желілерде Мақсұтовтың сөзі желі қолданушылардың наразылығын тудырды. Facebook қолданушысы Руслан Түсіпбек оның бұл пікірінің «мазақ» екенін айтқан.

«Жалпы Тәуелсіздіктің отыз екінші жылында мұндай сөздердің айтылуына қалай жол береміз? Бұл жай ғана мазақ! Мемлекеттік тілдің танымалдылығы жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан елде мұндай жағдайларға жол беруге болмайды», –  деді ол.

Серіктес жаңалықтары